Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Блогер Қытайдан көп нәрсе үйрену қажеттігін түсіндірді.
«Дубай, Египет, Түркия дегенге енді бармаңыздар. Не үшін? Кейбіреулеріңіз ақша жинап барасыздар, кейбіреулеріңіз кридитке аласыздар, соны бір жыл бойы төлеп жүресіздер. Алатын ешқандай да пайдаңыз жоқ. Ең бастысы мен сіздерге айтып отырмын, Қытайға үшінші рет келіп отырмын.
Тауарларды жібердік, зауыттармен келістік. Тіршіліктің, ақшаның көзі осында екеніне тағы да көз жеткіздік. Бүкіл планетаның барлық жағынан, тауап, IT саласынан дамып кеткен Қытай бізге Құдай беріп қойған шекаралас, іргелес мемлекет.
Ешқандай виза керек жоқ, билеттің алдың да осында кел. Билетті арзанға алудың неше түрлі амалдары бар. Міндетті түрде келу керек, көру керек, осылардан көріп, даму керек. Құр бекерді бұларды жамандап, алдыға шығып кеткенін айтып отырғанша, осында келіп, «қолыңнан келсе, қонышыңнан бас» деп, қолымыздан келгенімізше жасау керек.
Сондықтан құрметті бауырлар бәріміз жиналайық, бизнес жасауды үйренейік. Дамиық, өсейік, қазақ жерге қарап қалмасын. Бұл менің жанайқайым, Қытайда отырып, жазып отырмын», — деді кәсіпкер.