Қытай ет қауымдастығының делегациясы СҚО-ға барды - kaz.caravan.kz
  • $ 476.27
  • 515.47
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай ет қауымдастығының делегациясы СҚО-ға барды

Қытай ет қауымдастығының делегациясы СҚО-ға барды

3 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысына Қытай ет қауымдастығының делегациясы келді. Тайынша ауданында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен импорттаушылар мен экспорттаушылар клубының президенті Ма Гуаншэн екіжақты кездесу өткізді.

  • 4 Шiлде
  • 8
Tengrinews.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, кеше Қытай делегациясы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің VII отырысына қатысты. Бұл кездесу ШЫҰ саммитінде Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің басшылары арасындағы уағдаластықтарға қол жеткізу шеңберінде Қытай Халық Республикасымен екіжақты ынтымақтастықты дамыту аясында өтті.

Кездесуде Ғауез Нұрмұхамбетов пен Ма Гуаншэн өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Өңір басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында бірлескен жобаларды іске асыру туралы ұсыныс жасады. Облыс аумағында «АЙЦЗЮ» корпорациясының агроөнеркәсіптік кластерін дамыту жөніндегі Қазақстан-Қытай жобасы табысты іске асырылуда – «Тайынша-Май» майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша өндіріс іске қосылды. Сонымен қатар, «Мемолюкс» диірмені мен құрама жем зауытының құрылысы жүріп жатыр.

Сондай-ақ, Қытай делегациясы «ЕМС-Агро» ЖШС ет комбинатында болып, шошқа кешенін 200 мың басқа дейін кеңейту және ет өндіру көлемін 20 мың тоннаға дейін жеткізу жобасымен танысты. Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысының Қытаймен ынтымақтастығы өз жемісін беретінін атап өткен жөн. Тек 3 жылдың ішінде сыртқы сауда айналымы 2,2 есеге ұлғайып,117 млн АҚШ долларды құрап отыр.

Сапар қорытындысы бойынша екі тарап СҚО мен ҚХР арасындағы іскерлік және достық қарым-қатынастар ұзақ мерзімді және нәтижелі болатынына сенім білдірді.