Қытай маркетплейсі Африкада да қытай маркетплейсі: Қара құрлық арзан тауарлардан қалай зардап шегуде - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай маркетплейсі  Африкада да қытай маркетплейсі: Қара құрлық арзан тауарлардан қалай зардап шегуде

Қытай маркетплейсі Африкада да қытай маркетплейсі: Қара құрлық арзан тауарлардан қалай зардап шегуде

Temu және соған ұқсас арзан тауар ұсынатын маркетплейстер Африкаға агрессивті баға саясаты, ауқымды маркетинг және жаһандық жеткізу тізбектерімен келді. Бұл жағдай тұтынушыларды тез тартқанымен, жергілікті кәсіпкерлерге әсіресе өндірушілер мен шағын бизнеске бірқатар жүйелі мәселелер туғызды.

  • 10 Қыркүйек
  • 870
Фото - Caravan.kz

Мәселелерді қытайлық онлайн-платформалардың демпингіне байланысты бағаның төмендеуінен, сатылым көлемінің азаюынан, логистика мен қайтарымдағы қиындықтардан саяси қысымның күшеюі және билік тарапынан мәжбүрлі шаралардың қабылдануынан байқауға болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Африкадағы бизнес өкілдері мұндай қысымға төтеп бере алмай отыр.

Temu және соған ұқсас маркетплейстер қытайлық өндірушілер мен шетелдік сатып алушыларды байланыстырып, жеткізу тізбегін оңтайландырады және үлкен көлемдегі сатылымды жоспарлайды. Соның арқасында олар жергілікті өндірушілер мен сатушыларға қарағанда әлдеқайда төмен баға ұсынады. Бұл әсіресе маржасы төмен дүкендерге қатты әсер етуде.

Бұл жергілікті бизнес үшін нені білдіреді? Жағдай мәз емес.

Киім-кешек, аяқ киім, аксессуарлар, арзан электроника, үйге арналған ұсақ-түйек пен балалар тауарлары секілді санаттарда сатылым айтарлықтай төмендеді. Өйткені тұтынушылардың көбі мұндай тауарларды шетелден тікелей тапсырыс беруді жөн көреді. Жергілікті дүкендер мен фабрикалар өндіріс шығындарын соншалық деңгейге жедел қысқарта алмайды, соның салдарынан баға бәсекесінде ұтылып, табыстан айырылып жатыр. Бұл біртіндеп жұмыс орындарының қысқаруына және салық түсімдерінің азаюына алып келуде.

Жағдай ушығып барады. Shein мен Temu-дің Оңтүстік Африкадағы сауда үлесі күрт артқандықтан, жергілікті кәсіпкерлер биліктен сауда ережелерін өзгертді ашық талап етуге мәжбүр.

Бұрын арзан сәлемдемелер Африканың көптеген елінде жеңілдетілген ережелермен (АҚШ-тағы de minimis тәрізді) кеденнен өтетін. Бұл шетелдік платформаларға жергілікті кәсіпкерлерге қарағанда айқын баға артықшылығын берді. Өйткені олар тауарды “ашық түрде” әкеліп, ірі партиялар арқылы жұмыс істейді, кедендік алымдар мен ҚҚС-ты толық төлейді. Жергілікті сатушылар мен өндірушілердің айтуынша, қытайлық онлайн-дүкендер дәл осы арзан сәлемдемелерге жасалған жеңілдік есебінен африкалық нарықтарды жаулап жатыр.

Арзан импорттың қарқынды өсуі жергілікті индустрия үшін нақты экономикалық шығындарға әкелуде. ОАР бойынша жүргізілген зерттеулер тоқыма өнеркәсібіндегі ондаған миллион рэнд (ОАР валютасы) көлеміндегі жіберілген пайда мен мыңдаған “өндірілмей қалған” немесе жоғалған жұмыс орындарын атап өтеді. Бұл Temu мен Shein-дегі сатылымдардың артуына байланысты. Осылайша, экономикалық бәсекелестік саяси мәселеге айналып барады, кәсіподақтар мен өндірушілер биліктен қорғаныс талап етуде.

Шағын фабрикалар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған шеберлер үшін сұраныстың азаюы өндіріс көлемінің қысқаруына, төлем қабілетінің әлсіреуіне және жабылу қаупіне әкеледі. Мұндай өзгерістер әсіресе жеңіл өнеркәсіп саласында ірі жұмыс берушілер шоғырланған өңірлерде қатты сезілуде. 2025 жылдың тамыз айында 8 мыңнан астам жұмыс орны қысқарғаны хабарланды. Ал өсіп келе жатқан жұмыссыздықтың басты себебі ретінде қытайлық маркетплейстер аталды.

Сонымен қатар, Африкада Temu-дың тағы бір үлкен кемшілігі бар. Жергілікті сатушылар өз қоймаларын пайдаланады, сол себепті тапсырыстарды уақытында жеткізе алады. Оның үстіне, әдетте тауардың сапасы тексерілген болады. Егер сатып алынған өнімде ақау шықса, қайтару мәселесін сол жерде оңай шешуге мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, олар Temu жеткізе алмайтын аудандарға да тапсырыс апарады және сатып алушы тауарды ашып, сапасына көз жеткізгеннен кейін ғана қолма-қол төлем жасай алады. Бұл тұрғыда Temu барлық жағынан ұтылып тұр. Компанияның Африкадағы логистикасы әлі де толық дамымаған, сондықтан жеткізуде кідірістер, жүктің жоғалуы мен қайтарымдағы қиындықтар жиі кездеседі. Ал жергілікті сатушылар керісінше тұтынушыларға сенімді қызмет ұсынады. Сондай-ақ, алдын ала толық төлем жасау шарты көп жағдайда клиенттерге қолайсыздық тудырады.

Бұдан бөлек, Нигерия мен басқа да елдердің тұтынушылары Temu-дағы тауарлардың сапасының төмендігіне, ұсақ сатып алуды қайтарудың мүмкін еместігіне, жеңілдіктер мен купондарға қатысты алаяқтық схемаларға жаппай шағымдануда. Ол жақтағы халықтың тұрмыс деңгейін ескерсек, ол аймақтарда сапасыз тауарға жұмсалған азғантай қаржының өзі отбасы бюджетіне елеулі салмақ түсіріп отыр.

Бұл – Африканың бірқатар елінде сауданың негізгі бөлігі базарларда, шағын дүкендер мен киоскілерде жүруінің басты себебі. Олардың бәрі күнделікті айналымға тәуелді, сондықтан тұтынушыларды жоғалту табысқа елеулі соққы болып тиеді. Ал тұтынушы онлайндағы тым арзан бағаға үйреніп алғанда, сұраныстың бір бөлігі оффлайннан кетеді де, шағын сауда орындарының айналымы азаяды. Мұндай жағдайда қайта бейімделу оларға қиын. Көпшілігінің маркетинг дағдылары жоқ, жарнамаға мүмкіндігі жетпейді, әрі көтерме бағамен тауар сатып алуға қолжетімділігі төмен.

Африка кәсіпкерлері қолдан келгенше тұтынушылардың өздеріне бет бұруы үшін қызмет пен логистиканы жақсартуға тырысуда. Бұл бәсекеге ірі сауда желілері де қосылған.

Сонымен бірге кәсіпкерлер бірігіп, шенеуніктерге қысым жасап, агрессивті импорттан ішкі нарықты қорғауды талап етуде. Кей жерлерде бұл іске белсенділер мен кәсіподақтар, сауда қауымдастықтары секілді ұйымдар да қосылған.

Билік те әрекет етуге мәжбүр. Өйткені олар да азаматтарға жұмыс орындарын ашуға және бюджетке салық түсімін қамтамасыз етуге мүдделі. Мәселен, Оңтүстік Африка Республикасында киім-кешекке арналған кедендік баж салығын 45%-ға дейін көтеру жоспарланған, ал өткен жылдың қарашасында de minimis жеңілдігі алынып тасталды. Биылғы маусымда жергілікті сатушылар жағдайдың айтарлықтай жақсарғанын хабарлады.

Осылайша, жергілікті бизнестің наразылығы саяси шараларға алып келді. Салықтық жеңілдіктердің жабылуы мен сапа бақылауының күшеюіне жол ашты.

Африкадағы жағдай қазақстандық кәсіпкерлер мен билік те сабақ бола алады. Алдын ала отандық бизнес үшін туындауы мүмкін салдарға дайындалып, мәселені шешуге бағытталған шараларды ойластыру қажет.

Перейти к новостям спорта