Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«2025 жылы 30 желтоқсанда Алматы халықаралық әуежайы Air China әуекомпаниясының Чэнду – Алматы бағыты бойынша жаңа рейсін салтанатты түрде қабылдады. Ұшақ Қытайдың Чэнду Тяньфу халықаралық әуежайынан келді», — делінген Алматы әуежайы хабарламасында.
Алматы — Чэнду (Сычуань провинциясы әкімшілігінің орталығы) арасындағы тікелей әуе қатынасы аптасына екі рет — сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Рейстер Airbus A320 ұшақтарымен жүзеге асырылады.
Алматыдан ұшу уақыты — 21:30, ал Чэндуға келу жергілікті уақыт бойынша келесі күні таңғы 04:30-да жоспарланған. Чэндудан Алматыға дейінгі ұшу шамамен 3,5 сағатқа созылады, ал кері бағыттағы рейстің ұзақтығы бес сағатқа жуық.