Қытайда 100 мыңға жуық ұшатын такси қызметі пайдаланылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 518.81
  • 596.27
+37 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда 100 мыңға жуық ұшатын такси қызметі пайдаланылмақ

Қытайда 100 мыңға жуық ұшатын такси қызметі пайдаланылмақ

2030 жылға қарай Қытайда 100 мыңға жуық ұшатын электронды аппараттар (eVTOL) отбасылық көлік немесе әуе таксиі ретінде пайдаланылады. Мұндай болжам Қытайдың экономиканы зерттеумен байланысты альянс есебінде айтылған

  • 29 Қараша 2024
  • 4
ФОТО: Нейрожелі ұсынған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған құжатта көрсетілген мәліметтерге қарағанда, алдағы 2-3 жылдың ішінде Қытайдың ірі қалаларында eVTOL көлікке арналған желі мен оған қызмет көрсететін орындардың құрылысы аяқталмақ.

Айта кетсек, Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласында ұшатын автокөлік зауыты салынып жатыр.

Зауытта «Құрлықтағы авиатасымалдағыш» үлгісіндегі ұшатын көлікке арналған модульдер шығаратын болады. Зауыт жылына 10 мыңға дейін көлік шығармақ.

Ұшатын модельдің алдын ала сатылымы 2024 жылдың соңында басталады.