Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл жаңа ұшақ моделін Қытайдың AVIC корпорациясы жасаған. Екі жылдық сынақ кезеңінде бірнеше AG600M ұшағы 2000-нан астам ұшуды орындап, 10 мыңнан астам параметр сыналды. Жалпы ұшу уақыты – 3560 сағат, бұл Қытай авиациясы үшін рекордтық көрсеткіш.
Сурет: VCG
Ұшақты жасау – ауқымды ұлттық жоба болды, оған 292 кәсіпорын мен 16 университет қатысты.
AG600M – қазіргі заманғы әлемдегі ең үлкен гидроұшақ. Ол 12 тоннаға дейін суды 4500 шақырым қашықтыққа дейін тасымалдай алады.