Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
South China Morning Post мәліметінше, Чантай-Янцзы көпірі ұзындығы 10,3 шақырымды, ал оның негізгі аралығы 1208 метрді құрайды. Бұл – өзен үстінен өтетін алғашқы көпір, онда жоғары жылдамдықты автожол, қарапайым автокөлік жолы және қалааралық теміржол бір конструкцияда біріктірілген.

Сурет: People’s Daily, China
Алты жыл бойы салынған жаңа нысан бірнеше бірдей рекорд орнатты. Ол:
- әлемдегі ең ұзын керме көпір,
- автомобиль мен теміржол қозғалысына арналған болат фермалы ең ұзын аралас аркалы көпір.
Көпір мұнараларының биіктігі 350 метрге жетеді – бұл шамамен 120 қабатты ғимаратқа тең. Мұнаралар болат пен бетоннан ромб тәрізді етіп жасалған – бұл олардың беріктігін арттырып, температура ауытқуына бейімделуіне мүмкіндік береді.

Сурет: People’s Daily, China
Көпірдің іргетасы Янцзы өзенінің қуатты ағысына төтеп беру үшін арнайы күшейтілген. Айта кетейік, Янцзы – әлемдегі ұзындығы бойынша үшінші өзен.