Қытайда жаңа вирус — адамның метапневмовирусы (hMPV) тарап, елдегі ауруханалар науқастарға толып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy dailystar-ға сілтеме жасай отырып.
Бұл вирус коронавирус сияқты адамның өкпесін зақымдайды.
«Қазір Қытайдың ауруханалары тастай дайындықта отыр. Өйткені, елдің түпкір-түпкірінен COVID-19 белгілеріне ұқсақ ауру жұқтырғандардан хабар түсіп жатыр», — деп жазады басылым.
Дәрігерлер науқастардың көбі жөтеліп, тамағы ауырып, тоңа бастайды дейді. Кейбір адамдардың басы айналып, әлсіз бола түседі.