Қытайдан келген көкпаршылар жарысты жалғастыра алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдан келген көкпаршылар жарысты жалғастыра алмады

Қытайдан келген көкпаршылар жарысты жалғастыра алмады

Астанада өтіп жатқан  V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қытайдан көкпаршылар жарыс жолынан шығып қалды

  • 9 Қыркүйек
  • 5
Фото: Ризабек Нүсіпбекұлы/Kazinform

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Іріктеу кезеңінде Ресей құрама командасы мен Қытай елінің көкпаршылары бақ сынап, 4:1 есебімен ресейлік шабандоздар алға шықты.  

көкпар
Фото: Ризабек Нүсіпбекұлы/Kazinform

«Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Қытайдың «Қазанат» ЖШС атынан келіп қатысып жатырмыз. Көкпар, аударыспақ секілді ұлттық ойындарға қатысу үшін, Алтай, Тарбағатай, Іле өңірлерінен іріктеп 25 спортшы алып келдік. 2017 жылы экспо халықаралық көрмесі аясында өткен көкпар ойындарында 4 орын алып қайтқан едік. Бүгін жолымыз болмады, енді басқа спортшыларымздан үміт күтеміз. Көшпенділер ойыны сәтімен өтсін деп тілейміз», — дейді Қытайдағы қандастардан құралған көкпар командасының жаттықтырушысы Серік Үсенұлы.

Айта кетейік, ағашқы кездесу Қазастан және Өзбекстан құрама командасының көкпаршылары арасында өтті. Тартысты өткен сайыста, қазақстандық шабандоздардың мерейі үстем болып, 16:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

Көкпардан 9 мемлекеттің спортшылары өзара мықтыны анықтайды. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы қатысады.

Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия.