Қытайдан келген туристер легі 9 есе өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдан келген туристер легі 9 есе өсті

Қытайдан келген туристер легі 9 есе өсті

Қазақстан Қытайдың туристік нарығындағы орнын нығайтып келеді

  • 27 Мамыр
  • 4
ФОТО: Sputnik

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанға Қытайдан келген туристер легі 2019 жылмен салыстырғанда 9 есе өсті, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

27-29 мамыр күндері Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан ITB China 2025 халықаралық көрмесіне Қазақстан да қатысып жатыр. Ұлттық стендте Астана мен Алматы қалаларының туристік әлеуетіне, сондай-ақ өңірлік табиғи және мәдени бағыттарға ерекше назар аударылған. Келушілерге арнайы бейнематериалдар, қытай тіліндегі ақпараттық материалдар және іскерлік кездесулер ұсынылуда.

«Қытай – Қазақстан үшін негізгі туристік нарықтардың бірі. ҚР ҰҚК Шекара қызметінің деректеріне сәйкес, 2024 жылы Қытайдан келген туристер саны 650 мың адамнан асып, 2019 жылмен салыстырғанда 9 есе өскен», — деп жазылған хабарламада.

Тек 2024 жылы еліміздегі қонақүйлерде 173 987 қытайлық туристке қызмет көрсетілген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 66%-ға көп.

Туристер ағынының артуына екі ел арасында визасыз режимнің енгізілуі, әуе рейстерінің көбеюі және Қытай нарығына бағытталған ақпараттық жұмыстың жүйелі түрде жүргізілуі ықпал етті.

ITB China – Қытайдағы ең ірі B2B форматындағы туристік көрмелердің бірі. Биылғы көрмеге 80 елден 600-ден астам экспонент қатысуда.