"Қытайдың базардағы арзан дүниесі сияқты": Ахметбек Нұрсила "Молда" фильмін қатаң сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қытайдың базардағы арзан дүниесі сияқты": Ахметбек Нұрсила "Молда" фильмін қатаң сынға алды

"Қытайдың базардағы арзан дүниесі сияқты": Ахметбек Нұрсила "Молда" фильмін қатаң сынға алды

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила режиссер Абдусаид Шайхисламұлының "Молда" фильмін қатаң сынға алды.

  • 27 Ақпан
  • 794
Youtube

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Молда деген киноға келдім. Саусақтан сорып шығарған философия. Қазақты қорлау, мазақ қылу. Қытайдың базардағы арзан дүниесі сияқты бірдеме», — деп жазды кәсіпкер.

Сондай-ақ, ол «бұл фильмге барғанша стрим көрген артық» екенін жазды.

«Молда» сияқты қараңғылыққа апаратын киноға 1,5 сағатыңды құртқанша Ысқақ деген жарық сәулесін төгетін баланың 20 минуттық стримы 1000 есе пайдалы!!

1. Сценариі мектептің 3- 4 сыныбының балаларының қоятын спектаклі сияқты, ойдан құрастыра салған оқиғалар, ешбір қисынсыз, қараудың өзі ұят, ыңғайсыз:

А) Бандиттердің сөзі, қимылы әрекеті жабайы, өмірде ондай болуы мүмкін емес, баланың ойыны сияқты

Ә) Оқиғалары қиялы, мүлде шыныққа жанаспайды: Құдай маған көмекші жіберші деп дұға жасаса, сол минутында көмекші молда сап етіп пайда бола қалады. «Құдайдан сұрасаң форточкадан бере салады» деген анегдотқа ұқсайды

Б) Бір тиыны жоқ молда бір алқашқа 10 000 долллар қайырымдылық жасайды, анау соған сеніп қабыл алып, арағын қойып кетеді))

В) Бандит келіп «Жұма болды мешітке жиналыңдар» десе мешітке бір адам бармайтын ауылдағы үлкен-кіші мешітке жинала қалады

Г) Мешітті сатып алып, тойхана жасамақ болған қазақ

Д) Мешітті ескі мерседеске айырбастай салған мажор))

Е) Қазақты қайтқан адамды жөнелту дәстүрін ашық мазақ қылу, қорлау

Осындай саусақтан сорып шығарған арзан пәлсапаны адамдар қалай көреді екен(( Мен әрең шыдап отырдым..

Осы сияқты арзанқол дүниеге адамдар қырылып барып, көздерін жұмып, ауыздарын ашып жатқаны шошытады. Қоғамның деңгейін қандай болып барады?

Сауд Аравиясы дінге қарсы кино түсіріп, Европадағы фестивальға апарып жатқаны жайлы Ерлан Төлеутайдың парақшасынан оқысаңыздар. өз аузынан естісеңіздер болады

Саудия діннен, қараңғылықтан шығуға бет алғанда, Қазақстан сол қараңғылыққа қарай желкенін көтеріп алып зулап бара жатқан кеме сияқты көрінеді маған», — деп жазды кәсіпкер.

Ticketon.kz сайтының ақпараты бойынша «Молда» фильмі 1 аптаның ішінде 431 013 167 теңге ақша жинаған.