Қытайдың көліктері қатерлі ісікке шалдықтырады: Зерттеу нәтижелері не дейді? - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдың көліктері қатерлі ісікке шалдықтырады: Зерттеу нәтижелері не дейді?

Қытайдың көліктері қатерлі ісікке шалдықтырады: Зерттеу нәтижелері не дейді?

Қытайлық көліктерде қатерлі ісікке әкелуі мүмкін сәуле тіркелді. Бұл туралы шетел басылымдары жазып жатыр.

  • 26 Қыркүйек
  • 12
Фото: unsplash

Caravan.kz медиа порталы анықтап білді. 

Қытайдың гибридті көліктері адам өміріне қауіпті болуы ықтимал. Оларда белгіленген нормадан сегіз есе асатын сәулелену анықталды.

Мұндай қорытындыға Пермь Политех ғалымдары келді. 

«Көлік. Көлік құрылыстары. Экология» атты ғылыми мақалада электромагниттік қауіпсіздік мәселесі қарастырылған. Зерттеушілер қытайлық гибридтерде әлеуетті қауіпті сәулелену деңгейлерін анықтады.

Электромагниттік сәуленің көзге көрінбейтін толқындары аз мөлшерде қауіпті емес, бірақ оның әсері жинақталуы мүмкін. Әсіресе, көздің қуаты жоғары болса. Мұндай жағдайда қатерлі ісік ауруларының, түрлі неврологиялық бұзылыстардың және депрессияның қаупі бар.

Іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктерде сәуле генератордан, тұтандыру шамдарынан және салондағы түрлі электроникадан пайда болады. Ал электромобильдер мен гибридтерде қолданылатын жүйелер әлдеқайда қуатты, жағдай басқаша. Мысалы, жұмыс кезінде күшті айнымалы магнит өрісін жасайтын тартқыш электрқозғалтқышты немесе литий-ионды аккумуляторларды алуға болады.

Электр көлігі дәстүрлі көліктерден жоғары вольтты сымдар арқылы жүздеген амперлік әлдеқайда жоғары ток өтуімен ерекшеленеді, бұл қуатты электромагниттік өрістердің түзілуіне себеп болады, деп хабарлайды Naked Science журналы.

Сонымен қатар, кәдімгі көліктерде сәуле шығаратын элементтер уақытша ғана жұмыс істесе, электрокарларда олардың барлығы қозғалыс кезінде үздіксіз істеп тұрады, сөйтіп тұрақты электромагниттік әсер қалыптастырады.

Зерттеуге қайта оралсақ, ғалымдар гибридті көліктің әртүрлі режимінде магнит және электр өрісінің шамасын өлшеген. Әуелі үдету кезінде, кейін тежеу кезінде және көлік тоқтап тұрған сәтінде. Салондағы зиянды сәулелену деңгейі белгіленген нормадан айтарлықтай жоғары екені, әсіресе белсенді маневрлер кезінде ерекше байқалатыны анықталды.

Ең жоғары көрсеткіштер үдеу кезінде тіркелді: электр өрісінің кернеулігі 200 В/м-ге жеткен. Бұл қауіпсіз шектен сегіз есе жоғары. СанПиН нормаларына сәйкес, 10–25 бірлікке ауытқу рұқсат етіледі, 25–40 – шекті деңгей, 100–200 – ағзаға жағымсыз әсер етуі мүмкін, ал 200 және одан жоғары – денсаулыққа қауіпті.

Ғалымдар гибридті автомобильдерде электромагниттік қорғаныс жүйесін күшейту қажет екенін атап өтті.

Қай модель мен қай жылғы көлік зерттеуде пайдаланылғаны материалда көрсетілмеген. Сондай-ақ тәжірибе нәтижелері барлық қытайлық гибридтерге қолданылатыны не қолданылмайтыны, олардың ішінде ең қауіпті немесе ең қауіпсіз түрлері бар-жоғы да нақтыланбаған.

Бұл ретте біздің халық мұндай зерттеулерге сенбейтінін жазуда.

«Әлемдегі автокөліктің 30 пайызын Қытай өндіреді.Киіп отырған киімнің 80-пайызы шайна. Жеп отырған тамағыңды қайтесің?».

«Вагондар әкелген кезде де, осындай әңгіме шыққан, қытайдың затын пайдаланып жүргенімізге де отыз жыл боп қалды, қақаңдап жүрміз ғой,көлігі өтпей қала деп қауіптенетін мемлекет таратуы мүмкін, біз түрлі елдің қаңсығын міне беретін елміз ғой».

Перейти к новостям спорта