Қытаймен шекарадағы пункттердің өткізу қабілеті 37% ұлғайды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытаймен шекарадағы пункттердің өткізу қабілеті 37% ұлғайды

Қытаймен шекарадағы пункттердің өткізу қабілеті 37% ұлғайды

Автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту — үздіксіз логистика мен сыртқы сауда ағынының негізгі көзі болып отыр.

  • 15 Шiлде
  • 8
ФОТО: Қаржы министрлігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

— Автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту — үздіксіз логистика мен сыртқы сауда ағынының негізгі көзі. Бүгінгі таңда Қапланбек, Атамекен, Көлжат және Алакөл сияқты 4 пункт пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін қалған 5 пункт кезең-кезеңімен іске қосылады. Осылайша жаңғырту еліміздің сыртқы шекарасындағы тиісті пунктерді 100% қамтиды, — деді Қаржы министрі.

Бүгінгі таңда өткізу қабілеті орта есеппен 25%, оның ішінде Қытаймен шекарада — 37% ұлғайған. Пункттердегі өту уақыты 9 сағаттан 3 сағатқа дейін қысқарды.

— CargoRuqsat электронды кезегі іске қосылып, 55 мың жүргізуші мен 145 мың көлік құралы тіркелді. Жаңғырту аяқталған соң барлық өткізу пункттері бизнес пен азаматтардың жылдам, қауіпсіз және ашық өтуін қамтамасыз ететін, сыртқы шекараны басқарудың бірыңғай цифрлық жүйесіне қосылады, — дейді М. Тәкиев.

Айта кетсек, бүгін Үкіметте биылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралып жатыр.

Перейти к новостям спорта