Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Абзал Шынасыл
Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіру), 293-баптың 3-бөлігі (Бұзақылық) және 24-баптың 3-бөлігі (Қылмыс жасауға дайындалу және қылмыс жасауға оқталу) бойынша кінәлі деп танылып, 23 жылға бас бостандығынан айырылды.
Равиль Сакиев
293-баптың 3-бөлігі және 24-баппен бірге (Адам өлтіруге оқталу) сотталып, 20 жылға жаза тағайындалды.
Қалған айыпталушылардың жазасы мынадай:
Кәмелетке толмаған Думан Ысқақ – 434-бап (Ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша 1,5 жылға сотталды.
Шыңғыс Белғожаев – 293-баптың 3-бөлігі бойынша 7 жыл;
Дархан Әскентай – 293-баптың 3-бөлігі бойынша 7 жыл;
Нұрқияс Ілиясов – 293-баптың 3-бөлігі бойынша 9 жыл (бұрынғы 2,5 жылға шектеу жазасымен бірге);
Нұрбол Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі бойынша 7 жыл;
Азамат Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі және 188-бап (Ұрлық) бойынша 15 жыл (бұрынғы жаза мерзімімен қоса);
Дидар Қалиахмет – 293-баптың 3-бөлігі бойынша 7 жыл;