"Қыз гараждан тірі шықпаған": Сайрамда бойжеткен жігітінің қолынан қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 476.27
  • 515.47
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қыз гараждан тірі шықпаған": Сайрамда бойжеткен жігітінің қолынан қайтыс болды

"Қыз гараждан тірі шықпаған": Сайрамда бойжеткен жігітінің қолынан қайтыс болды

Оңтүстік Қазақстанда сұмдық жағдай орын алды.

  • 3 Шiлде
  • 32
Фото: abdulla_kzkz парақшасынан алынған

Тұрғындардың айтуынша оқиға Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бұл туралы ақпарат abdulla_kzkz парақшасында пайда болды.

Ақпаратқа сүйенсек, екі ғашық бір жылдан бері кездесіп жүрген. Тіпті отбасын құруға ниетті болған. Осы уақыт аралығында жігіт қызды әрдайым жұмысынан алып кетіп жүрген. 30-шы маусым күні қызды жігіті әдеттегідей кешкі сағат 18:30 да жұмысынан алып кеткен. Үйінде ешкім жоғын біліп, гаражға тоқтаған. Марқұм қыз сол гараждан тірі шықпаған.

Қыздың туыстарының айтуынша, жігіт қызды зорламақ болған, өйткені марқұмның денесінде зорлық белгілері бар, денесі көгерген және мұрны сынған. Ал жігіт пен оның жақындарының айтуларынша, қыз газға уланып жан тапсырды деп балаларына шаң жуытпай отыр.

Марқұмды зорламақ болып ұрып өлтірген қанішер қылмысын жасырмақ боп, туған ағасы мен әпкесін шақырып мәйіттен құтылудың жоспарын құрған. Олар бірігіп мәйттің аузына газ жіберіп қорлаған.

«Біз сол күні кешке жігіттің үйіне жүз рет хабарласып қызымызды сұрадық, ал олар болса біздің бала ұйықтап жатыр, сіздің қызыңыз қайда екенін білмейміз деп жауап берді», — деді қыздың туыстары.

Олар бәрін ұйымдастырып, бірнеше сағат өткеннен соң өздері жедел жәрдем шақырып, полицияға хабар берген.

«Біз қызымызды зорламақ боп өлтірген қанішер жазасыз қалмаса екен, қанішер туыстары барлық органдарды сатып алып отыр, бізге тіпті моргтен марқұм қызымыздың денесін берер емес», — дейді туыстары.

Түркістан облысының полиция департаменті аса ауыр қылмыс жасады деп күдіктінің ұсталып, қамалғанын хабарлады.

«Қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз, — делінген хабарламада.