Қыз жасауына Түркия, Грузия, Бразилиядан тапсырыс көп түседі – қызылордалық тігінші - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыз жасауына Түркия, Грузия, Бразилиядан тапсырыс көп түседі – қызылордалық тігінші

Қыз жасауына Түркия, Грузия, Бразилиядан тапсырыс көп түседі – қызылордалық тігінші

Қызылордада бұрынғы мұғалім 17 жылдан кейін біржола кәсіпке бет бұрды. Бүгінде ол эксклюзивті қыз жасауын тігіп жүр. 

  • 14 Сәуiр
  • 9
Фото: Өңірлік коммуникация қызметі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жанар Прекеева біраз жыл білім саласында еңбек еткен. Еңбек жолын бизнеске бұрғанына еш өкінбейді. Мұны кездейсоқ таңдау деуге келмейді.

– 2017 жылы мұғалімдер білім жетілдіру мақсатында Англияға бардық. Сол сапар өмірімді өзгертті десем болады. Содан бастап менде «қазақтың қолөнерін неге шет елде танытпасқа?!» деген ой туды. Өзім балаларды тігіншілікке оқытқанмын, қолымнан келетін іс. Елге келгесін ештеңеге қарамастан ойымды іске асыруға кірісіп кеттім. Мен басқалар сияқты кәсіпті нөлден бастаған жоқпын. Сол кезде 17 млн теңге қарызым бар-тұғын. Сөйте тұра, 20 мың теңгеге ескі тігін машинасын сатып алып, бірте-бірте аяққа тұрдым, — деді кәсіпкер. 

Фото: Өңірлік коммуникация қызметі
Қазір ол басқаратын цехта 15-тен астам адам жұмыс істеп жатыр. Олар қыз жасауын ғана емес, ұлттық үлгідегі көрпе-жастықтар мен сәнді жиынтықтарды да тігеді. 

– Дизайнын түгел өзім сызамын. Еліміздің батыс өңірінен, тіпті алыс-жақын шет елдерден тапсырыс бретіндер өте көп. Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Грузия, Бразилия секілді мемлекеттерде тұратын қазақтар кәдесыйдан бастап көрпе-жастыққа дейін алдырады. Өйткені шет елде қолөнер жұмысы болған соң мұндай еңбек жоғары бағаланады. Тігіп бітірген дүниеміз сол күні-ақ өтіп кетеді, — деді Жанар Прекешова. 

Фото: Өңірлік коммуникация қызметі

Фото: Назерке Саниязова

Жуырда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева креативті индустрияны цифрландыруға арналған Үкімет отырысында қолөнершілер ең көп шоғырланған өңірлерді атады.