"Қызды болатынымды білдім": Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиінің әкесіне қатысты ел арасында тарап кеткен қауесетке жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қызды болатынымды білдім": Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиінің әкесіне қатысты ел арасында тарап кеткен қауесетке жауап берді

"Қызды болатынымды білдім": Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиінің әкесіне қатысты ел арасында тарап кеткен қауесетке жауап берді

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ел арасында бесінші сәбиінің әкесіне қатысты тарап кеткен қауесет туралы алғаш рет тіл қатты.

  • 26 Қыркүйек
  • 48
Instagram/Жұлдыз Әбдікәрімова

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Актриса бесіншің сәбиінің қыз екенін мәлімдеді.

«Рәбия Сұлтан. Өткен күзде Түркістанға арнайы сапармен бардым. Жоқ, іссапар емес, рухани еді. Ата-баба әруағына құран бағыштау ниетім болды. Жол түсіп, Рәбия Сұлтан Бегім кесенесінде болдым. 

Болашаққа бәлендей анық жоспар жоқ еді. Өз-өзіммен тілдесіп: Мен кіммін? Қайдан келемін? Қайда барамын? Қайтсем, көпке қызмет етіп, ұрпаққа пайда бере аламын?… деген сұрақтар мазалады. Тарихта есімі таңбаланып, даналығы ұрпағына мәңгі сабақ болып тұрған Ұлы адамның кесенесінен кете алмай айналшықтап жүріп алдым. 

Араға айлар салып, қызды болатынымды білгенімде, есімі өзге болуы мүмкін емес дедім. 

Рәбия Сұлтанды қырық күнге толтырып, салт пен дәстүрге сай, бар ырымын жасап, қырқынан шығарып алдық. Шүкір…

Еркін, батыл, батыр, қайсар қыз болып өссе деген аналық тілегім бар. Маңдайына жазылған тағдырын саналы өрнектеп, рухы мықты аналарымыздың ұрпағы екенін біліп жүрсе деймін. 

Періштеге жаудырып жатқан жылы тілектеріңіз қабыл болғай. Әр аңсаған отбасына сәби исін мен де тіледім», — деп жазды актриса.

Перейти к новостям спорта