"Қызды зорлап, қорлағаны аздай, азаптап, видеоға түсірген": Алматы облысында жас қызды зорлаған бір топ оқушы әлі күнге дейін мектепте тайраңдап жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-13 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қызды зорлап, қорлағаны аздай, азаптап, видеоға түсірген": Алматы облысында жас қызды зорлаған бір топ оқушы әлі күнге дейін мектепте тайраңдап жүр

"Қызды зорлап, қорлағаны аздай, азаптап, видеоға түсірген": Алматы облысында жас қызды зорлаған бір топ оқушы әлі күнге дейін мектепте тайраңдап жүр

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Фабричный ауылында болған сұмдық жайт елді дүр сілкіндірді.

  • 17 Қазан
  • 32
Instagram/Гүлмира Әбіқай

Өкініштісі, жетім қызды зорлаған бір топ оқушы әлі күнге дейін мектепте тайраңдап жүр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Жаға ұстатар жайтты журналист Гүлмира Әбіқай айтып, дабыл қақты.

«Жазасыз қалмасын! Алматы обл. Жамбыл ауданы, Фабричный ауылындағы сұмдықтың видеосы маған келіп түсті. Не өзің көре алмайсың, не өзгеге көрсете алмайсың, төбе шашың тік тұрады. Жетім қызды қинап, зорлап, қорлағаны аздай азаптау сәтін видеоға түсіріп, сатты деп жазыпты ORDA. 

Ендеше, күдіктілерді мектептен аластатып, кәмелет жасқа толғанша колонияда ұстап одан әрі түрмеге жіберу керек. Зорлық 21/09/25 болған. Содан бері қыз неге үндемеді, неге бірден арыз жазбады? Кімнен (неден) қорықты? Кім қорқытты? Асырап-бағып, сол үшін мемлекеттен ақша алып отырған қамқоршы қайда? Аманатқа қиянат жасаған опекунға кешірім болмасын!

Қысқасы, мәймөңкелеп жүре бермей зорлықшыл жасөспірімдерге қатысты заңды күшейту керек!
Өздерін мәңгілік абақтыға, штраф емес ата-анасы мен қамқоршыға да қылмыстық жаза талап етейік!

Жерде жетім жыласа, көкте періште күңіренеді. Бұл сұмдықты қоғам болып бақылауға алайық», — деп жазды журналист.

Перейти к новостям спорта