"Қыздың абыройын төгеді": Депутаттар қыз алып қашу үшін қылмыстық жаза енгізуді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қыздың абыройын төгеді": Депутаттар қыз алып қашу үшін қылмыстық жаза енгізуді ұсынды

"Қыздың абыройын төгеді": Депутаттар қыз алып қашу үшін қылмыстық жаза енгізуді ұсынды

Биыл Мәжіліс бұл тақырыпты қайта қарап, қыз алып қашқандарға берілетін жаза күшейтіледі деді.

  • 13 Желтоқсан 2024
  • 74
Фото: dzen.ru

Қыз алып қашуға қатысты жазаны қатаңдату мәселесі бірнеше жылдан бері айтылып жүр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

8 айда бір Түркістан облысында 18 қыз алып қашу оқиғасы тіркелген. Ал өткен жылы, яғни бір жылдың ішінде 13 алып қашу оқиғасы тіркелген.

Депутаттардың айтуынша, қыз алып қашу оқиғасы көбейіп барады, өйткені оған заңды түрде шектеу де жоқ, жаза да жоқ.

«Қыз көнбейді, олар қағаз жаздырып, көндіреді, ұялтады, басқа да әрекеттерге барады. Мәжбүрлейді, 3-4 күн ұстайды, ол қыздың абыройын әбден төгеді де, кейін жібере салады. Ал ақырында ешқандай қылмыстық іс қозғалмайды»,- деді Мұрат Әбенов.

Қылмыстардың көбеюіне адам ұрлағандардың жазасыз қалуы себеп болып отыр. Қыз алып қашу бойынша қылмыстық істердің басым бөлігі сотқа жетпейді. Мысалы 3 жыл ішінде қылмыстық істі қозғауға 214 ұсыныс берілсе, оның тек 10-ны ғана сотқа барған. Басқаларында ешқандай қылмыс жоқ деп, жауып тастаған. Ал полицияға жүгінбеген қыздарымыз қаншама.

Қазір Қазақстанда қылмыстық кодексте «қыз алып қашуға» қатысты жеке бап жоқ. Адам ұрлау бабы бойынша қарастырылады. Бұған дейін былтыр бас прокуратура қылмыстық кодекске «Неке қию мақсатында адамды ұрлау» бабын енгізуді ұсынған. Бірақ жаңа бап сол бойы енгізілмеді.

Қыз алып қашу дәстүрі бұрынғы кезде қос ғашықтың келісімімен жүзеге асқан. Бұл жағдайда ата-yаалардың қарсылығына тап болған жұптар өз махаббатын сақтап қалу үшін осындай қадамға барған. Алайда кейбір жағдайларда қыздың еркіне қарсы алып қашу орын алған. Этикалық тұрғыдан заманауи қоғамда қыз алып қашу әйелдің еркі мен құқығын құрметтемеу болып саналады. Бұл гендерлік теңсіздік пен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың бір көрінісі ретінде сынға ұшырады.

Алайда қазіргі қоғамда да кейбір аймақтарда бұл дәстүр әлі де қолданылып келеді. Қыздың абыройына нұқсан келтіру деп саналғандықтан, депутаттар бұл тақырыпты қайта қозғап, заңды түрде жазалауды ұсынып отыр.

Перейти к новостям спорта