Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Сұмдық оқиғаның мән- жайын журналист, тележүргізуші Руслан Өтепбай желідегі парақшасына жариялады.
Оның айтуынша, 12 жастағы бүлдіршін қызды туған әкесі бір жылдан бері зорлап келген.
«Күні кеше сұмдық оқиғаға куә болдым. Алматы қаласының тұрғыны көмекке жүгінді. Айтуынша күйеуі 12 жастағы туған қызын бір жылдан бері зорлап келген. «Ақыл-есі түзу, аузына арақ алып көрмеген жолдасымнан мұндай азғындықты күтпедім»,-дейді қара жамылған әйел.
Келіншектен жауап алған соң, күдікке ілінген азаматтың ата-анасынан, бауырынан сұхбат алдым. 42 жасар азаматтың анасы немерем әкесіне жала жауып отыр дейді.
Жүрегім тілініп, екі көзім төрт болып шықтым. Толық шығарылымды таяу күндері youtube арнама жүктеймін.
Ұл-қыздарымызға өте абай болайықшы!»Ұл-қыздарымызға өте абай болайықшы!», — деп жазды журналист.
Ал, қыздың анасы күйеуінің бұл азғындыққа баруына бірге жұмыс істейтін әріптесінің кеңесі әсер етеуі мүмкін екенін айтқан.
«Туған әкесі туған қызын бір жылдан аса зорлап келген. Аптасына шамамен бір реттен болып келген, үйде болған. Ол кезде мен жұмыста болғанмын. Естіген кезде сенер сенбесімді білмей өзім де шокта болдым. Бір жерде жұмыс істеген. Сол жердегі бір орыс кісі қызыңды тұрысқа бермей тұрып, өзің қыздығын алуың керек деп айтыпты», — дейді қыздың анасы.
Ал күдікке ілінген азаматтың ата-анасы немерелерінің жала жауып отырғанына сенімді.
«Қайырлы кеш, ардақты ағайын. Дәл қазір мен өзінің туған қызын зорлады деп күдікке ілінген ер азаматтың ата-анасы және туған әпкесімен сұхбаттасып келе жатырмын. Біздің кішкентай немереміз сырттан, көшеден бүлінген дейді. Бүлінгеннен кейін шешесі мен немерем дәл осылай ұлыма жала жауып отыр деп жатыр. Білмеймін енді, ішпейді, шекпейді және тұрақты жұмысы бар. Ең бастысы, ақыл-есі дұрыс, сау адам дәл осындай азғындыққа бара ма? Ал, егер осындай азғындыққа барса, ол адам сау ма жалпы?», — дейді Руслан Өтепбай Instagram stories-те.