Қызмет кезінде қаза тапқандардың отбасы ай сайынғы төлем алады - kaz.caravan.kz
  • $ 511.92
  • 588.91
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызмет кезінде қаза тапқандардың отбасы ай сайынғы төлем алады

Қызмет кезінде қаза тапқандардың отбасы ай сайынғы төлем алады

Бұл заң 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге қатысты

  • 28 Мамыр
  • 1
ФОТО: polisia.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан құқық қорғау, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің отбасыларына ай сайынғы төлем беріледі. Бұл туралы мәжілісте айтылды.

Бұл заң 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге қатысты.

«Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасы мүшелері бір жолғы төлемнен бөлек, қосымша ай сайынғы төлем алуға да құқылы болады», — деп жазды ведомство.

Бүгінде бұл санатқа 530 отбасы кіреді. Бұл отбасындағы марқұм болған қызметкерлер 1991 жылдың 16 желтоқсанынан 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта еңбек еткен.