Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Әлеуметтік желіде еліміздегі әр өңірдің алатын жалақылары жайлы ақпарат тарады.
10-шы орында Қарағанды облысы. Орта жалақы мөлшері — 366 мың теңге.
9-шы орында Павлодар облысы. Орта жалақы мөлшері — 372 мың теңге.
8-ші орында Ақмола облысы. Орта жалақы мөлшері — 380 мың теңге.
7-ші орында Ақтөбе облысы. Орта жалақы мөлшері — 382 мың теңге.
6-шы орында Қызылорда облысы. Орта жалақы мөлшері — 392 мың теңге.
5-ші орында Алматы. Орта жалақы мөлшері — 474 мың теңге.
4-ші орында Астана. Орта жалақы мөлшері — 549 мың теңге.
3-ші орында Ұлытау облысы. Орта жалақы мөлшері — 554 мың теңге.
2-ші орында Маңғыстау облысы. Орта жалақы мөлшері — 559 мың теңге.
1-ші орында Атырау облысы. Орта жалақы мөлшері — 591 мың теңге.
Ал, сіз қай өңірде тұрасыз?», делінген видеода. Мұндай ақпаратты естіген халық ашуға бой алдырды.
«Неге осы өтірік айтасыңдар барлық жанның еңбек ақысын көрген кісіше. Қарағандыданмын, менің жолдасым 157000 алады, мен пенсияда, бай мен кедейдің еңбекақысын қосып содан шығаруды қойсаңдаршы», «Қайдан алдындар мына сандарды», «392 мың теңге түсіне кірмеген кірмейді», деп жазды оқырмандар.