Қызылорда облысының полиция бөлімінде алғашқы кітапхана ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.5
  • 582.67
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысының полиция бөлімінде алғашқы кітапхана ашылды

Қызылорда облысының полиция бөлімінде алғашқы кітапхана ашылды

Ұлттық кітап күніне орай Қызылорда облыстық полиция департаментінің Жалағаш аудандық бөлімінде алғаш рет кітапхана ашылды.

  • 23 Сәуiр
  • 4
Фото: Жалағаш аудандық полиция бөлімі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұйымдастырушылар кітапхана тәртіп сақшыларының біліміне білім қосады деп үміттенеді. Шараға шақырылған полиция бөлімі бастауыш ардагерлер ұйымының мүшелері және бөлім басшылығы кітапханаға кітаптар сыйлады. Сыйға тартылған кітаптар оқу залындағы арнайы кітап бұрышына орналастырылды.

Фото: Жалағаш аудандық полиция бөлімі
Кітап сыйлаушылар жас полиция қызметкерлеріне бірнеше кітаптың мазмұнын әңгімелеп, оларға қызметтен бос уақытта кітап оқып, рухани-танымдық көкжиегін кеңейтуге кеңес берді.
Кітапхана қорын тағы жаңа кітаптармен, танымдық басылымдармен толықтыру жоспарланып отыр.