Қызылордада бруцеллез жұқтырған 70-тен астам мал сойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 508.91
  • 594.36
-6 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада бруцеллез жұқтырған 70-тен астам мал сойылды

Қызылордада бруцеллез жұқтырған 70-тен астам мал сойылды

Өткен жылы Қызылорда облысында малға тән аса қауіпті 13 түрлі жұқпалы ауруға қарсы 5979,7 мың доза препарат алынды

  • 8 Қаңтар
  • 4
Фото: Қызылорда облыстық ветеринария басқармасы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық ветеринария басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, биыл препараттар дозасының санын 6244,7 мыңға жеткізу көзделіп отыр.

— 6 түрлі энзоотиялық, яғни жұқпалы емес аурудың алдын алуға облыстық бюджеттен 315,3 млн теңге бөлінді. Оған 799,4 мың доза препарат сатып алынып, егу жұмыстары толық жүргізілді. Бруцеллез ауруы бойынша 586,5 мың бас мүйізді ірі қара, 1067,7 мың бас уақ малдың қан сынамасы зерттелді. Нәтижесінде 42 бас сиырдың, 32 қой-ешкінің ауру жұқтырғаны анықталды. Олар талапқа сәйкес уақытылы сойылды, — делінген хабарламада.

Басқарма облыста аса қауіпті аурулар тіркелмегенін, эпизоотиялық жағдай тұрақты екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, бүгінгі күні өңірде 1334 мың бас мал бар. Оның басым бөлігі — мүйізді ірі қара мен уақ мал.