"Қызым жылап келді": Қалдыбек Құрманәлі зорлық көрген қызының оқиғасына қатысты тағы бір тың дерекпен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қызым жылап келді": Қалдыбек Құрманәлі зорлық көрген қызының оқиғасына қатысты тағы бір тың дерекпен бөлісті

"Қызым жылап келді": Қалдыбек Құрманәлі зорлық көрген қызының оқиғасына қатысты тағы бір тың дерекпен бөлісті

Жанқош Тұраров пен Әнару Қалдыбекқызының шулы оқиғасы әлі де елдің қызу талқысына түсуде.

  • 28 Тамыз
  • 1480
Фото - Caravan.kz

Журналист Гүлбану Әниятқызы Әнарудың әкесі Қалдыбек Құрманәлімен тілдесіп, оқиғаның мән-жайын сұрап көрген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Танымал журналист Гүлбану Әниятқызының хабарлауынша, қазіргі таңда Қалдыбек Құрманәлі қызын қолдау көрсетуде екен. Бұл туралы журналист өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Спортшы Жанқош зорлады деп арызданған Әнару Құрманәлінің әкесімен сөйлестім. Қалдыбек Құрманәлі белгілі сазгер, Шәмші әндерін насихаттап жүретінін білесіздер.

Қалдыбек ағаның 2016 жылы өмірден өткен Ақмаржан Таубаева есімді әйелінен Әнару қызы мен Әнасыл ұлы бар екен. Балаларыммен араласып, көмектесіп тұратынын айтты.

Қалдыбек Құрманәлі жүрегіне ота жасатып, денсаулығына байланысты Түркістан облысына көшіп кеткен. “Қазір қызыма көмектесу үшін Алматыға келдім” дейді. “Қызым жылап келгенде бұл сорақылықты қоғам білуі керек деп, журналистермен сұхбат ұйымдастырған да өзім” деп отыр.

Қалдыбек Құрманәлі Жанқош жақтан кешірім сұрағанын, бірақ ешқандай кешірім бере алмайтынын айтты. “Қызымды қорғауға жанымды, барымды саламын” деп отыр. Әнару 28 жастағы үлкен қыз, тұлға. Жанқошпен кездескені, оған неге сенгені жайлы ештеңе айта алмаймын деді.

Қоғамның буллингінен соң Әнару бірнеше рет өзіне қол жұмсамақ болыпты. Қазір депрессияда жүр дейді. Қалдыбек Құрманәлі бұл мәселеде аяғына дейін қызының қасында болатынын айтты.

Коллажды әлеуметтік желіден алдым», — деп жазды журналист.