“Қызымды қорғауға жанымды, барымды саламын”: Қалдыбек Құрманәлі мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.61
  • 534.53
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Қызымды қорғауға жанымды, барымды саламын”: Қалдыбек Құрманәлі мәлімдеме жасады

“Қызымды қорғауға жанымды, барымды саламын”: Қалдыбек Құрманәлі мәлімдеме жасады

Сазгер Қалдыбек Құрманәлінің қызы Әнуару Қалдыбекқызы өзін боксшы Жанқош Тұраров зорлағанын айтты.

  • 27 Тамыз
  • 494
Screenshot

Ол қызына қатысты бұл істе аянып қалмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы журналист Гүлбану Әният Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

“Қалдыбек ағаның 2016 жылы өмірден өткен Ақмаржан Таубаева есімді әйелінен Әнару қызы мен Әнасыл ұлы болған екен. Балаларыммен араласып, көмектесіп тұрады екен. 

Қалдыбек Құрманәлі жүрегіне ота жасатып, денсаулығына байланысты Түркістан облысына көшіп кеткен екен. Қазір қызыма көмектесу үшін Алматыға келдім дейді. “Қызым жылап келгенде бұл сорақылықты қоғам білуі керек деп, журналистермен сұхбат ұйымдастырған да өзім” деп отыр. 

Қалдыбек Құрманәлі Жанқош жақтан кешірім сұрағанын, бірақ ешқандай кешірім бере алмайтынын айтты. “Қызымды қорғауға жанымды, барымды саламын” деп отыр. Әнару 28 жастағы үлкен қыз, тұлға. Жанқошпен кездескені, оған неге сенгені жайлы ештеңе айта алмаймын деді”, — деп жазды журналист.