Қазіргі жағдаймен қоныс-колония қызметкерлерінен 39 адам мен сотталған 52 адам облыс орталығына көшті.
Қоныс — колония Талдықорғандағы бұрынғы бір кәсіпорынның әкімшілік ғимаратына жайғасты. 7 жылдан бері коммуникациялық желіден ажыратып тасталған бұл ғимаратта қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұдан былай колония Алматы облысы Талдықорған өңірінің тумаларынан 200-ге дейін сотталған адамды қабылдай алады.