ҚР Тенис федерациясының хабарлауынша, бұл тізімді 14,8 пайыз дауыс жинаған 31 жастағы швейцарлық теннисші Роджер Федерер бастап тұр. Аргентина құрамасының аяқдопшысы Лионель Месси одан 2 пайыз кем дауыс алған. Одан кейінгі екі орынды да футболшылар иеленіп отыр. Олар — бразилиялық Пеле мен аргетиналық Диего Марадона. Ал үздік бестікті кәсіпқой бокс аренасында әлемнің ең үздік былғары қолғап шебері атанған американдық Мұхаммед Әли түйіндеді.