La Scala мен «Астана Опера» Дж. Вердидің «Аида» операсының тұсауын кеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
La Scala мен «Астана Опера» Дж. Вердидің «Аида» операсының тұсауын кеседі

La Scala мен «Астана Опера» Дж. Вердидің «Аида» операсының тұсауын кеседі

Аты аңызға айналған миландық театр гастролінің аясында «Астана Опера» театрының басшылығы Teatro alla Scala мен Teatro di San Carlo di Napoli театрларының басшыларымен әріптестік жөнінде меморандумға қол қойды, деп хабарлайды аталмыш театрдың баспасөз қызметі.  

  • 1 Шiлде 2014
  • 475
Фото - Caravan.kz

Баспасөз мәслихаты барысында театр басшылары алдағы жұмыс жайын талқылады. Осылайша La Scala мен «Астана Опера» бірігіп ағымдағы жылдың күзінде Дж. Вердидің «Аида» (қоюшы режиссері — Франко Дзеффирелли, Италия) операсының тұсауын кеседі.     

Ежелгі San Carlo опера театрының директоры Розанна Пуркиа екі жақтың гастрольмен алмасатаны жайлы айтып берді, нәтижесінде неаполитандық труппа алдағы жылы Б. Эйфманның қойылымындағы В. Моцарттың «Реквием» балетінің тұсауын кесуді жоспарлап отыр, ал «Астана Опера» театрының труппасы жауап ретінде Teatro di San Carlo-да «Күзгі Билер 2015» фестиваліне қатысады. Қос театрдың жоспарында  Г. Доницеттидің  «Lucia di Lammermoor» қойылымын бірігіп қою да бар. Аталған қойылым ерекше жарқын болады деп күтілуде, онда халықаралық деңгейдегі каст өнер көрсетпекші, қоюшы режиссері — көптеген кинематографиялық марапаттар иегері, «Оскар» сыйлығының үздік шетелдік фильмі бойынша номинанты Gianni Amelio, сценографы — Nicola Rubertelli.     

Алғашқы театрлық маусымы барысында «Астана Опера» әлемнің 13 жетекші театрымен әріптестік жөнінде меморандумға қол қойғанын естеріңізге сала кетейік.


Перейти к новостям спорта