Жуырда алғашқы кітабын жарыққа шығарды, деп хабарлайды Gakku.kz. Ол «Менің екінші кітабым» деп аталды. Мұны Ләйлә ханым былай түсіндіріп берді.
"Әрбір бикештің өмірінде өзінің құпия-сырларын жазатын, кішкентай кезімізде анкета болса, сол анкета кейінірек күнделікке ұласып жатады. Мінеки, менің де өмірімде күнделігім ол бірінші кітабым деп есептеймін. Бірақ, бірінші кітабын адам ешкімге көрсетпейді", — дейді Ләйлә Сұлтанқызы.
Ал, екінші кітабын халықпен бөліседі. Иә, Ләйлә ханым да дәл солай істеді. Сол үшінде осындай кеш ұйымдастырды. Мұнда барлығы өзі жүргізетін ток-шоу секілді болып кетті. Тіпті әнші Жанар Дұғалова екеуі егіз қыздың тұсауын кесті.
Сондай-ақ, елдің көкейінде жүрген әрбір сұрақты жауапсыз қалдырмады. Жиналғандардың тоқсан пайызы нәзік жандылар болды. Себебі, Ләйлә ханымның айтуынша бұл кітап көбіне әйелдерге арналған. Бірақ, қыз баласын тәрбиелеп жатқан ер азаматтар үшін де тигізер септігі бар көрінеді.
"Біз қыз баланы тәрбиелегенде көп нәрсеге тыйым саламыз. Тыйым көп қыз баланың өмірінде. Мінеки, сол тыйымдар туралы ашық жазылады осы жері. «Неге біз тыйым саламыз? Мүмкін оның қажеті жоқ шығар»,-деп… Мысалы, мен өз пәлсапамды айтамын. Ал, оған біз қарсымыз ғой. «Көп нәрсені, тыйым салынған нәрсені неге біз айта беруіміз керек?! Ұят емес пе!»,- деген сияқты",-дейді Ләйлә.
Осындай астарында мәні бар кітап 5000 данамен жарық көрді. Мұқабасында үш түрлі көңіл-күй бейнеленгенмен оның ішіндегі айтар ой біреу ғана. Осындай ойды Ләйлә ханым аз уақыт ішінде жазып шықты.
Ләйлә Сұлтан: "Бұның жазылғанына көп болған жоқ. Ол бір жыл көлемінде жазылған дүние ғой. Бірақ та, кітапты біз қалай жазамыз?! Ана «Мотроскиннің» мультфильміндегідей ғой. Бүгін келіп екі сөйлем жазамыз. Арғы күні келіп төртінші сөйлем жазамыз. Одан кейін бесінші сөйлемді жазамыз деген сияқты. Менде де тура сондай сияқты болды. Яғни, ол жүре-жүре күнделікті өзінің өмірде көріп жүрген жағдайды қабылдауың".
Ендеше, айтар ой бар тележүргізушінің алғашқы кітабын оқып көріңіздер. Сөйтіп, бағасын бере отырыңыздар.