Ләйлә Сұлтанқызы: 3 литр майымды сорғыздым - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ләйлә Сұлтанқызы: 3 литр майымды сорғыздым

Ләйлә Сұлтанқызы: 3 литр майымды сорғыздым

 

  • 3 Маусым 2019
  • 108
Фото - Caravan.kz

Белгілі жүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы липосакция жасағанын жасырмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасап.

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзіне тән сұлулығымен ерекшеленеді. Орта жасқа келсе де, телеэкраннан түспеген өнер иесі сұлулығының құпиясын бөлісті. Ләйлә Сұлтанқызы қалай салмақ тастағанын да жасырмады. Медициналық жолмен өзін формада сақтайтын жүргізуші әдемілікке қатысты ешкім білмейтін құпиясын айтып берді.

"Мен – елімізде алғашқылардың бірі болып липосакция жасатқан қызбын. Липосакция – қарын майын тартқызудың жолы. Өйткені, екінші балам дүниеге келгеннен кейін салмағым кетпей қойды. Кәдімгідей үлкен болдым. Сол кезде 2-3 литр майымды сорғыздым. Мен ол туралы ашық айтамын. Бірақ, тәжірибелі адамға жасатқан жөн. Шарасыздықтан липосакция жасаттым. Себебі, басқа амалым қалмады. Спортпен де айналыстым, диетаға да отырдым", — дейді Ләйлә Сұлтанқызы.


Соңғы жаңалықтар