Ләйлә Сұлтанқызы арыз берген тележүргізуші мен әзілкештің сотына қатысты мәліметтер шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ләйлә Сұлтанқызы арыз берген тележүргізуші мен әзілкештің сотына қатысты мәліметтер шықты

Ләйлә Сұлтанқызы арыз берген тележүргізуші мен әзілкештің сотына қатысты мәліметтер шықты

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Бибігүл Дәулетбекқызы мен Нұрболхан Шараповқа қарсы сотқа арыз берген еді. Бұған қатысты жаңа мәліметтер шықты. 

  • 17 Қазан 2019
  • 35
Фото - Caravan.kz


Адвокат Айман Омарова сот отырысына қатысты мәліметтерді жариялады. Ол сотқа өтініш беріп, істің Алматыда қаралуын сұраған.

"Сот отырысы Нұр-Сұлтан қаласында басталды. Мен өтініш беріп, істің Алматыда қаралуын сұрадым. Екінші өтініште екі іс бірге қаралмау керек деген едім. Бірінші сот сатысында Есіл ауданы №2 сотының судьясы Тобағалиұлы өтінішті қабылдап, соттың соттылығын Алматы деп санап шешім шығарған. Осы іс бөлінген болатын. Алайда Ләйлә Сұлтанқызының адвокаттары келіспей, апелляциялық шағым түсірді. Ал, апелляциялық сот бірінші сот шешімін өзгеріссіз қалдырып, істің Алматыда қаралатыны айтылды", — дейді Айман Омарова желідегі парақшасында.