Ләйлә Сұлтанқызы: Дұрыс жүргізілген саясаттың арқасында жағдай тұрақтанды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ләйлә Сұлтанқызы: Дұрыс жүргізілген саясаттың арқасында жағдай тұрақтанды

Ләйлә Сұлтанқызы: Дұрыс жүргізілген саясаттың арқасында жағдай тұрақтанды

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы коронавирусқа қатысты пікірін білдірді. Бұл жолы ол Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға өз бағасын беріп, дұрыс жүргізілген саясаттың арқасында жағдайдың тұрақтанғанның айтты.

  • 11 Қараша 2021
  • 39
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бүгін бірінші рет Жапонияда ковидтан адам өлімі тіркелмеді.

Ал, көрші Ресейде ковидтің 4-ші толқыны басталып, күніне шамамен  мыңнан аса адам көз жұмуда.

Украинада жағдай  мәз емес

Бізде орта есеппен тәулігіне  20  адам көз жұмуда.  Эмоциядан бөлек, билікке сенімсіздік танытсаңыз да, Цой ұнаса да ұнамаса да дұрыс жүргізілген саясат арқасында ақырындап  ұжымдық иммунитет қалыптасып келеді. Вакцинация туралы қолжетімді ақпарат, дәрігерлердің орасан зор еңбегі, мамандармен шынайы сұхбат, фейк ақпараттармен күрес, штабтың өңірлердегі жұмысы біздегі жағдайды тұрақтандырды.
ҚҰДАЙҒА шүкір

Әйтпесе күніне 150 адамның қайтыс болуы  деген не сұмдық?!
Олар  біріміздің бауырымыз, енді біріміздің туысымыз,көршіміз  емес пе?!

Қараша айының соңында басталатын ревакцинацияда тек 1 дозасы салынады. Ескерту: паспортыңыздағы ақпарат ауыспайды,тек 3-ші рет …. осындай вакцина салынды деген сөз қосылады. Егер де Америка, Еуропаға шыққыңыз келсе Phizer-дің екі компонентін салуыңыз қажет. Ал елімізде  Pfizer бірінші аяғы ауыр,емізулі келіншектер мен ата-ана рұқсатымен (!)  балаларға салынады.
 
Естеріңізге сала кетейін:

Спутник қабылдаған адам 9 айдан кейін Pfizer, CoronaVac, HayatVax;

Ал керісінше CoronaVac, HayatVax, Sinopharm салдырғандар 6-9 айдан кейін Спутник немесе Pfizer қабылдайды.

Ал Pfizer салдырғандар 6 айдан кейін Sinopharm, CoronaVac, HayatVax, Спутник салдыра алады", — деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

 

Соңғы жаңалықтар