Ләйлә Сұлтанқызы сотқа берген әзілкешті судья ақтап шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ләйлә Сұлтанқызы сотқа берген әзілкешті судья ақтап шықты

Ләйлә Сұлтанқызы сотқа берген әзілкешті судья ақтап шықты

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мен әзілкеш Нұрболхан Шарапов арасындағы сот ісі аяқталды.

  • 8 Қараша 2019
  • 32
Фото - Caravan.kz

Судья істі Шәріповтің пайдасына шешті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Сот ақтап шықты. Жұма мүбәрак! Берекелi күн, мен үшiн. Баршаңызға Аллаһ разы болсын. Қазақ қыздарының ары үшiн соттан бiр-ақ шығам деп кiм ойлаған? 3 айға созылған сот өз мәресiне жеттi. Сот менi: ешқандай жеке басқа өткен жоқ, ешкiмнiң абыройына нұқсан келтiрген жоқ. Ол тек өз ойын айтты деп ақтады.

Заңды түрде әдiл шешiм шығарған Есiл аудандық №2 сотының судьясы Тобағалиұлына алғысымды бiлдiремiн. Әдiлдiк бар екенiне сенiңiздер! Менi уайымдағандарыңыз үшiн бәрiңiздi жақсы көремiн!» — деп жазды ол. 


Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Ләйлә Сұлтанқызының танымал журналист пен әзілкешті сотқа бергені туралы хабарлаған едік. Осы жағдайға қатысты Арман Сқабылұлы пікір білдірген болатын. 

Соңғы жаңалықтар