«Ләйләнің арсыз сұрақтары»: Түсіпбаева Мадина Садуқасова мен Дұғалова туралы ашық пікір айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ләйләнің арсыз сұрақтары»: Түсіпбаева Мадина Садуқасова мен Дұғалова туралы ашық пікір айтты

«Ләйләнің арсыз сұрақтары»: Түсіпбаева Мадина Садуқасова мен Дұғалова туралы ашық пікір айтты

Қашан да өзіндік позициясын ашық айтып отыратын әнші Меруерт Түсіпбаева әріптестерінің кәсібилігі жайлы сөз қозғалып жатқан шақта тағы да үнсіз қалмады.

  • 12 Қыркүйек 2018
  • 191
Фото - Caravan.kz


Ол отандық телеарналардың бірінде «Мәдина Садуақаованың қазақ эстрадасында бәсекелесі жоқ» деген тақырыпта өрбіген сұхбатқа қатысты өз ойын білдірді. Әнші Садуақасова мен Дұғалованы салыстыру ақылға қонымсыз деген пікір жазды, деп хабарлады sn.kz

«Кешеден бері Мәдинаның қазақ эстрадасында бәсекелесі жоқ деген тақырыпта әңгіме өрбітіп, тырнақ астынан кір іздеген журналистер xабарласуда.

Бүгін арнайы бағдарламаны қарадым. Не айтамын. Ауызы күйген үрлеп ішеді. Майысқан Ләйләнің тым арсыз сұрақтарынан кейін Мәдина үркіп отыр. Көрініп тұр. Әр сөзін қадағалап, сақ отыр. Нақты сұраққа қатысты менің айтарым. Кейде амандасып, кейде тасыраңдап жанымнан өтіп кететін, кейде Мадинаның (Қызылорда), кейде менің (Павлодар) жерлесім болып жүретін Тимурдың Жанар Дұғалова мен Мадинаны салыстыруы – үлкен қателік! Жанар – Димаштың деңгейінде тұрған тума талант. Екі тілді жетік меңгерген, екі тілде бірдей шебер жазатын ақын. Сол себепті, арқасы бар ақын ғой деп амандаспаса, Жанарға өзім барып амандасамын. Шындық осы. Жанар – өз қолтаңбасы бар композитор. Жанар үшін Түрквижн – тек бастау, көресіздер», – деп жазды Түсіпбаева желідегі парақшасына.

Соңғы жаңалықтар