деп хабарлайы Associated Press агенттігі.
Полиция өкілдерінің хабарлауынша, қонақүйге 4 жанкешті басып кіріп, өздерін жарып жіберген. Ғимараттың шатырына шығып алған тағы бірнеше содыр төбеден адамдарға автоматтан оқ жаудырған. Нақтыланған мәліметтер бойынша, шабуылдың салдарынан 7 адам қаза болып, тағы 8 адам зардап шеккен.
Полиция мен содырлардың арасындағы атыс-шабыс бірнеше сағатқа созылды. Қазір операция аяқталды, барлық содырдың көзі жойылды. Ауған күштері ғимараттың ішіндегі содырлардың көзін жойса, НАТО тікұшақтары шатырдағы лаңкестерді атып өлтірді.