Бұл -ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне кіретін басты ғибадатхана. Әуеден атқылаудан кейін мінәжат үйінің тек бір қабырғасы қалған. Экстремистер шабуыл жасаған Бэла ғибадатханасы көне шаһар Пальмирадағы көрікті ғимараттардың бірі болған еді. Естеріңізге салсақ, «Ислам мемлекеті» деген атпен танылған ұйым содырлары бұған дейін де Пальмирадағы бір мінәжат орнын жойған болатын.