Лаңкестік актісі туралы жалған қоңырау шалған 42 жасар тұрғын ұсталды - БҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лаңкестік актісі туралы жалған қоңырау шалған 42 жасар тұрғын ұсталды - БҚО

Лаңкестік актісі туралы жалған қоңырау шалған 42 жасар тұрғын ұсталды - БҚО

10 қазан күні сағат 16.10-да Тасқала ауданы Тасқала ауылындағы аудандық аурухананың «103» операторына белгісіз ер адам қоңырау шалып,

  • 15 Қазан 2015
  • 471
Фото - Caravan.kz

«Бүгін сіздерде үлкен жарылыс болады», — деп хабарлаған.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы және БҚО ІІД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары кезінде аталған аудандағы Атамекен ауылының 42 жасар тұрғыны анықталып, қолға түсті. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр.

Айта кетейік, лаңкестік актісі туралы жалған хабарлама бергені үшін (ҚР ҚК-нің 273-бабы) 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 2015 жылдан бастап аталған қылмыс қатаңдатылып, бұрынғы айыппұл және бас бостандығына шектеу қою жазалары жойылды.


Соңғы жаңалықтар