Лаңкестік әрекеттер кезінде бірінші кезекте кепілдегі адамдарды босатуға тырысу қажет - халықаралық лаңкестікке қарсы медиафорумның президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лаңкестік әрекеттер кезінде бірінші кезекте кепілдегі адамдарды босатуға тырысу қажет - халықаралық лаңкестікке қарсы медиафорумның президенті

Лаңкестік әрекеттер кезінде бірінші кезекте кепілдегі адамдарды босатуға тырысу қажет - халықаралық лаңкестікке қарсы медиафорумның президенті

"Лаңкестік әрекет жасалып жатқан кезде журналистің еркіндігін де, қоғамға болып жатқан оқиға туралы ақпарат беру құқығын да кейінге ысырып қойып, бірінші кезекте кепілдегі адамдарды босатуға тырысу қажет". Бүгін, 22-сәуірде Еуразиялық МедиаФорумда сөз сөйлеген халықаралық лаңкестікке қарсы медиафорумның президенті, "Политический класс" журналының бас редакторы Виталий Третьяков осылай деп мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Сәуiр 2005
  • 436
Фото - Caravan.kz

Сонымен бірге В.Третьяков «қандай да бір лаңкестен сұхбат алуға мүлдем қарсы».

«Лаңкестік әрекеттер кезінде ең бастысы — кепілдіктегі адамдарды босату болмақ»,- деді ол. «Ондай сәтте баршасы да амбицияны ұмытып, қамаудағыларды босату үшін тізе қосып қимылдауы қажет»,- деді ол.
Соңғы кезде Ресейде болған лаңкестік әрекеттер кезінде «Ресейлік биліктегілер ойдағыдай әрекет етпегені баршаға аян»,- деді ол. Дегенмен, «көп адамдар кепілдікке алынып, ұзаққа созылған лаңкестік әрекет кезінде арнаулы қызметтер де, үкімет те ахуалды уысында ұстап отыра алмайды» дегенді ол мойындады. «Олар тек бәрі бақылауда дегенді алға арта алады»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта