деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары осындай іс-қимылдардың алдын алу мен лаңкестік және экстремистік ойларды таратуға кедергі жасау жұмыстарын оңтайландыруды қолға алды.
Атап айтқанда, ғаламтор кеңістігіне жүргізілген сараптама ҚР Конституциясының 20 бабы, 3 тармағы және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 2 бабы, 3 тармағымен бекітілген лаңкестік пен экстремизмді ақтау және насихаттауға тиым салу ережесіне сай келмейтін мазмұндағы 15 шетелдік сайтты анықтады.
Уәкілетті мемлекеттік органдар қазақстандық тұтынушылардың осындай сайт материалдарын оқуына шектеу қойды.