Caravan Logo

Лаңкестік пен экстремизмді насихаттауға тыйым салу ережесін бұзатын сайт материалдарын қарауға шектеу қойылды

Лаңкестік пен экстремизмді насихаттауға тыйым салу ережесін бұзатын сайт материалдарын қарауға шектеу қойылды

деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары осындай іс-қимылдардың алдын алу мен лаңкестік және экстремистік ойларды таратуға кедергі жасау жұмыстарын оңтайландыруды қолға алды.

Атап айтқанда, ғаламтор кеңістігіне жүргізілген сараптама ҚР Конституциясының 20 бабы, 3 тармағы және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 2 бабы, 3 тармағымен бекітілген лаңкестік пен экстремизмді ақтау және насихаттауға тиым салу ережесіне сай келмейтін мазмұндағы 15 шетелдік сайтты анықтады.

Уәкілетті мемлекеттік органдар қазақстандық тұтынушылардың осындай сайт материалдарын оқуына шектеу қойды.