Лаңкестік қатер төндіруші елдердің тізіміне Қазақстанның енгізілуі туралы ақпаратқа қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігінің түсіндірмесі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.16
  • 480.39
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лаңкестік қатер төндіруші елдердің тізіміне Қазақстанның енгізілуі туралы ақпаратқа қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігінің түсіндірмесі

Лаңкестік қатер төндіруші елдердің тізіміне Қазақстанның енгізілуі туралы ақпаратқа қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігінің түсіндірмесі

ҚазАқпарат лаңкестік қатер төндіруші елдердің тізіміне Қазақстанның енгізілуі туралы ақпаратқа қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаровтың түсіндірмесін назарларыңызға ұсынады.

  • 22 Шiлде 2011
  • 407
Фото - Caravan.kz

«АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік министрлігі Қазақстанды «лаңкестік ұйымдар құру немесе олардың өкілдерін қорғау және лаңкестіктің даму үрдісін байқатып отырған елдердің» тізіміне қосқаны туралы ақпаратқа қатысты біз түсінбеушілік және үлкен алаңдаушылық білдіреміз. Аталған елдердің тізімі қандай көрсеткіштер бойынша жасалғанын білгіміз келеді. 20 жыл бұрын тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға айтулы және бірізді үлес қосып келеді, халықаралық лаңкестікке қарсы күресудің тиімдігі тетігін құруды қоса айтқанда.

Қалыптасқан жағдай Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы стратегиялық серіктестік рухына түбегейлі қайшы келеді. Біз американдық серіктестерімізден қалыптасқан жағдайды дереу түзету жөніндегі шараларды күтеміз.

Тағы бір айта кететін жайт. Бұл күндері Вашингтонда өткен қазақстан-американ консулдық консультацияларының аясында ҚР СІМ жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев АҚШ Мемлекеттік департаментінің бірқатар жоғары лауазымды өкілдерімен кездесулер өткізіп, осы мәселе бойынша Қазақстанның ұстанымын АҚШ ресми билігінің құзырына жеткізді», деп мәлім етті ҚР СІМ баспасөз хатшысы.

Соңғы жаңалықтар