Лаңкестікпен тиімді күресу үшін БҰҰ күреске қатысты көзқарасын өзгертуі тиіс - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лаңкестікпен тиімді күресу үшін БҰҰ  күреске қатысты көзқарасын өзгертуі тиіс - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің төрағасы

Лаңкестікпен тиімді күресу үшін БҰҰ күреске қатысты көзқарасын өзгертуі тиіс - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің төрағасы

Қазіргі заманғы лаңкестікпен тиімді күресу үшін БҰҰ күреске қатысты көзқарасын ахуалға сәйкес өзгертуі тиіс. Бүгін, 26-қаңтарда Алматыда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің арнаулы төртінші отырысында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің төрағасы Андрей Денисов журналистерге осындай пікір білдірді.

  • 26 Қаңтар 2005
  • 383
Фото - Caravan.kz

А.Денисовтың айтуынша, отырыста лаңкестік анықтамасының өлшемдері (критерийлері) аясын кеңейту жөніндегі тұжырымдама жобасы ұсынылады. «Құқықтық жүйесі жоғарғы деңгейде дамыған елдерде әлдебір тұлғаның лаңкестік іс-әрекетке қатыстылығын дәлелдеу қиын. Мұндай жағдай дәлелдеу базасына байланысты»,- деді ол.

А.Денисов өз сөзінде алдағы уақытта БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің директораты іске кірісетінін, оның басты мақсаты — мемлекеттермен диалог орнату, ұлттық баяндамалар мен бұл елдердің контртеррорлық әлеуетін нығайту шараларын қарау болып табылатынын хабарлады.
«Комитет қазір тиімділікті арттыруға бағытталған жаңа шараларды жобалауға кірісті. Олар техникалық ынтымақтастықты үйлестіру тетіктерін жетілдіруді көздейді»,- деді комитет төрағасы. Оның айтуынша, осындай жаңаша жұмыс тәсілдерінің біріне мемлекеттердің әлеуетін нақты бағалау және олардың көмекке деген нақты сұранысын айқындау үшін үкіметтерімен диалог орнату жатады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі контртеррорлық комитетінің сараптамашы топтарының бір елге сапары 2005-жылдың наурыз айында басталды.
Сонымен бірге донор-елдердің ерікті қаржыландыруы есебінен арнаулы қорлар құрылып, олардың қаржысы «мүдделі мемлекеттердің лаңкестікке қарсы әлеуетін арттыруға» жұмсалады.

Перейти к новостям спорта