Лаңкестіктің қиратқыш идеологиясына төзімділік, келісім мен диалог идеяларын қарама-қарсы қою керек - Қазақстан президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лаңкестіктің қиратқыш идеологиясына төзімділік, келісім мен диалог идеяларын қарама-қарсы қою керек - Қазақстан президенті

Лаңкестіктің қиратқыш идеологиясына төзімділік, келісім мен диалог идеяларын қарама-қарсы қою керек - Қазақстан президенті

АСТАНА. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today. Лаңкестіктің қиратқыш идеологиясына төзімділік, келісім мен диалог идеяларын қарама-қарсы қою керек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІ сьезінің жабылуында сөйлеген қорытынды сөзінде осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 13 Қыркүйек 2006
  • 663
Фото - Caravan.kz

«Құрметті дін басшыларының сөздері мен болған пікірталастар конфессия жетекшілерінің диалогқа дайын екенін және оны толеранттық пен өзара құрметтеушілік ауанында өткізуге талпынатынын паш етті. Сьезге қатысушы ардақты қонақтардың дінаралық қарым-қатынас саласында шиеленіс идеологиясының жалған әрі зиянды екенін тура мәлімдеуінің маңызы зор. Ол дінаралық экстремизмнің таралуынан мүдделілердің ғана түпкі пиғылын тап басатын әрекет»,- деді президент.

Оның пікірінше, бүгінгі таңда діни экстремизм мен лаңкестік мүлдем жаңаша экстремистік көзқарастар жүйесінен қоректенуде. Жүйе «дәстүрден тыс әрі иррационалдық идеялық қаруға айналды». «Осыдан бес жыл бұрын адамзат дүниесін 2001-жылдың 11-қыркүйегіндегі лаңкестік әрекеті дүр сілкінтті. Ол кезде қатігездігімен қатар қоятын қайран жоқ АҚШ-тағы лаңкестк әрекеттер террор мен озбырлықты тәу еткен қиратқыш күштердің қаншалықты қорқынышты екеніне көзіміз жетті. Біз бұл әлемдегі бар дүниенің бір-бірімен бекем байланыста екндігі мен морттығына шынымен иландық»,- деді Н.Назарбаев.

«Бүкіл дүниежүзі осынау зұлматқа қарсы бірікті. Ендігі жерде адамзаттың болашағы өзімізге байланысты. Біз лаңкестік идеологиясын түп тамырымен жоюға және жалпыадамзаттық гуманизм құндылықтарын асқақтатуға бар күшімізді салуға тиіспіз. Сол себепті лаңкестіктің қиратқыш идеологиясына төзімділік, келісім мен диалог идеяларын қарама-қарсы қою керек»,- деді Н.Назарбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта