Лара Фабиан Алматыдағы IV Қайырымдылық Балына келмек - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лара Фабиан Алматыдағы IV Қайырымдылық Балына келмек

Лара Фабиан Алматыдағы IV Қайырымдылық Балына келмек

Алматыда 14 сәуір күні IV Қайырымдылық Балы өтеді.

  • 11 Сәуiр 2012
  • 545
Фото - Caravan.kz

Қайырымдылық Балы — «Жыл жобасы» атағына лайықты жоба. Ол 2007 жылдан бері дәстүрлі түрде Алматыда өткізіліп келеді. Әр балды қатаң кастингтен өткен, би өнерін және бал этикетін жақсы меңгерген 60 жұп ашады. Қазақстандық және шетелдік опера орындаушылары өнер көрсететін балға жыл сайын іскерлік және саяси элитаның, ғылым мен мәдениеттің 1 мыңнан астам өкілі жиналады.

Ұйымдастырушылар баспасөз мәслихатында бірқатар құпияларын ашты. IV Қайырымдылық Балын актриса Татьяна Арнтгольц жүргізетін болады. Дауыс беру Гедиминас Таранданың қатысуымен Балдың ресми сайтында жүргізілді. Жұлдызды қонақтардың қатарында украиналық опера әншісі Арина Домский, ресейлік орындаушы Рика Ханссен бар. Кештің сәнін келтіре түсетін басты мейман танымал жұлдыз Лара Фабиан болады.

Қайырымдылық Балының мақсаты өзгерген жоқ. Бұл жолы кештен түскен қаражаттар бала сүю бақытына зәру жұптарға экстракорпоральді ұрықтандыру жасатуға жолданатын болады.

Перейти к новостям спорта