Латвия Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілі болуды қалайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Латвия Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілі болуды қалайды

Латвия Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілі болуды қалайды

Астана. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Латвия Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілі болуды қалайды. Бұл туралы Латвия Республикасының президенті Валдис Затлерст өзінің елімізге ресми сапары аясында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жүргізген кеңейтілген құрамдағы келіссөздері барысында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Қазан 2008
  • 470
Фото - Caravan.kz

«Латвия Еуропалық Одаққа мүше ел ретінде оның Қазақстандағы өкілі болуды қалайды, сондай-ақ, Қазақстанды Еуропалық Одақтағы серіктесі ретінде танығысы келеді», — деді В. Затлерс.

«Біздің арамызда бейбітшілік және қауіпсіздік процессі бойынша жақсы түсіністік бар, біз өзара ынтымақтастығымыз арқылы осы процесстердің бейбіт әрі табысты болуына ықпалымызды тигізе аламыз деп ойлаймын», — деді Латвия мемлекет басшысы.

«Меніңше, тек тауар айналымының ғана емес, сонымен бірге екі жақтан бірдей саяси қолдаудың да маңызы зор. Қытай, Қазақстан , Ресей мен Латвия арасындағы байланыс — екі жаққа бірдей бастайтын жол. Осы жол табысты жұмыс істейтін болса, сауда-саттық та табысты болмақ. Ынтымақтастық — қауіпсіздіктің негізі», -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар