Латвия Қазақстанның ДСҰ-ына мүшелікке өтуін қолдайды - Затлерс - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Латвия Қазақстанның ДСҰ-ына мүшелікке өтуін қолдайды - Затлерс

Латвия Қазақстанның ДСҰ-ына мүшелікке өтуін қолдайды - Затлерс

Астана. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Латвия Қазақстанның ДСҰ-ына мүшелікке өтуін қолдайды. Бұл туралы Латвия Республикасының мемлекет басшысы Валдис Затлерс Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Қазан 2008
  • 368
Фото - Caravan.kz

«Біз Қазақстанды 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасаған кезде де және сіздің ел ДСҰ-ына мүшелікке өткенде де қолдайтын боламыз», -деді В. Затлерс.

«Дүниежүзінде экономикалық рецессия белгілері байқалып отырған қазіргі кезде жақсы қарым-қатынастағы серіктестермен арадағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін іздестіру қажет», -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар