«Латын әліпбиін биыл анықтап, қыбылдауымыз керек» - БАҚ-қа шолу - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Латын әліпбиін биыл анықтап, қыбылдауымыз керек» - БАҚ-қа шолу

«Латын әліпбиін биыл анықтап, қыбылдауымыз керек» - БАҚ-қа шолу

«Егемен Қазақстан» басылымында бокстан мемлекеттік жаттықтырушысы Болат Абдрахмановтан алған сұхбат басылып, онда федерацияның өткен жылы атқарған жұмыстары, осы жылы өтетін әлем чемпионаты мен басқа да жоба-жоспарлары туралы баяндалған. «Биыл Қазақстан спорт тарихында тұңғыш рет ересектер арасында әлем чем­пионатының өтетінін білесіздер. Бұл бұрын-соңды болмаған оқиға және оның бір ерекшелігі ол 1986 жылдан бері алғаш рет шлемсіз өтетін болады. Бұл бәсеке спорттық күнтізбеге сәйкес, 4-20 қазан аралығында Алматыда өтеді. Қазірдің өзінде оған біздің ұлттық құрама команда дайындығын бастап кетті. Құраманың бас жаттықтырушысы - Мырзағали Айтжанов. Командадағы өзгерістерге келсек, Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы Серік Сәпиевтің қолғабын шегеге ілгенін білесіздер. Қазір оның орнына Данияр Елеусінов капитан болып отыр. Әлемде 69 келі салмақты қазақтар салмағы деп те айтып жүр ғой. Данияр Олимпиададан кейін осы салмаққа ауысып, енді қазір әлем чемпионатына дайындалып жатыр»,-дейді Болат Үкібайұлы.

  • 10 Қаңтар 2013
  • 393
Фото - Caravan.kz


Осы басылымның жазуынша, төрткүл дүниені экономикалық тығырық құрсауына алған жаһандық қаржы-экономикалық дағдарысының аяқталар кезеңін көрудің ауылы алыс сияқты. Құрлықтардың бәрін құрсаулаған бұл экономикалық күйзелісті сарапшылар сан-саққа жүгіртіп, дағдарыстың бірінші толқыны, дағдарыстың екінші толқыны, дағдарыстың созылмалы салдары деген сияқты болжамдар жасады. Бірқатар дуалы ауыз сарапшылар тарих табалдырығын аттаған жылан жылы жаһандық дағдарыс құрықталып, дүние жүзінің экономикасы жаңа даму соқпа­­­ғына түседі деген сарындағы пікірлерін алға тартқан еді. Алайда, экономистердің екінші бір тобы бұл пікірді жоққа шығарып, «қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» дегендей, экономика­лық күйзелістің кереметі әлі алда деген тұжырымдарын дәлелдеп бағуда. Бұл сараптамалық мақала газеттің бүгінгі санында «Жаһандық экономика Жылан жылғы жағдай қандай?» деген тақырыппен берілген.

***

«Айқын» басылымының жазуынша, латын жазуына көшу — ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықтың бір бағытына айналуы керек. Бұл туралы сенатор, академик, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есім газетке берген сұхбатында айтты. Ол алдағы бес жылда кейбір салаларды латын графикасына ауыстыруға болады деп есептейді. Бұл сұхбат басылымның бүгінгі санында «Латын әліпбиін биыл анықтап, қыбылдауымыз керек» деген тақырыппен жарияланды.

Осы басылымда «Әлемді вундеркиндтер құтқара ма?» атты мақала берілген. Тәжірибелі психологтардың пайымдауынша, бәрін «іштен» біліп туған кішкентай данышпандардың қатарына енетін ерекше зейінді балалар, яғни мыңның ішінен біреу шығатын вундеркиндтердің көбісі қоғамнан лайықты орнын ала алмайды екен. Неге? Мұның себебі дарынды балалардың көбісі нақты өмірге бейімделе алмайды немесе өте ауыр түрде икемделетін көрінеді.

***

«Астана ақшамы» гезетінде елордадағы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы, ономастикалық комиссия төрағасының орынбасары Ербол Тілешевпен болған сұхбат көпшілік назарына ұсынылып отыр. «Соңғы екі-үш жылдың бедерінде ономастикалық атауларды беруге мораторий жарияланған. Алайда, осы уақытта ұсыныстар өте көп түсті. Соңғы толықтырылған, өзгертілген заң сондағы көп сұрақтарға жауап береді»,-дейді басқарма бастығы. Бұл сұхбат «Ономастикадағы әділетсіздіктен құтылдық» деген тақырыппен жарық көрді.