Латын әліпбиіне көшуді түсіндіру үшін блогерлерге ақша бөлінбейді - министрлік - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Латын әліпбиіне көшуді түсіндіру үшін блогерлерге ақша бөлінбейді - министрлік

Латын әліпбиіне көшуді түсіндіру үшін блогерлерге ақша бөлінбейді - министрлік

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мелдешов «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің сұрақтарына жауап бере отырып, латын әліпбиі бойынша түсіндіру жұмыстарына блогерлерді жұмылдыруға қатысты көпшілікке таралған ақпарат қызметтік қателіктің салдарынан туындағанын хабарлады.

  • 18 Қаңтар 2018
  • 128
Фото - Caravan.kz

«БАҚ-та жарияланған ақпараттың арқасында келесі мәселе анықталды,  «Электрондық үкімет» порталында Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру бойынша 2025 жылға дейінгі мерзімге арналған іс-шаралар жоспарының мақұлданбаған жобасы жарияланған. Жұртшылыққа әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлінбегенін жеткізгіміз келеді», — деп атап өтті Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкері.

Сондай-ақ, Мелдешов қателік жіберген ведомство қызметкерлерінің жауапкершілікке тартылатынын, ал бекітілген Жоспардың жобасы таяу күндері «Электрондық үкімет» онлайн-порталында жарияланатынын мәлім етті.