Латын әліпбиінің жаңа нұсқасын алматылық колледж студенттері талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Латын әліпбиінің жаңа нұсқасын алматылық колледж студенттері талқылады

Латын әліпбиінің жаңа нұсқасын алматылық колледж студенттері талқылады

Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін талқылау жиындары еліміздің барлық өңірінде жалғасуда. Бұған дейінгі жиындар жалпы реформаға қолдау көрсету ретінде өткізілсе, қазір ғалымдар мен қоғам белсенділері латын әліпбиінің жаңа нұсқасын талқылап жатыр. Осындай басқосулардың бірі Алматыдағ Жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінде өтті.

  • 17 Қазан 2017
  • 4003
Фото - Caravan.kz

Еске салайық, қыркүйек айының басында Парламент депутаттарының назарына латын әліпбиінің диграфты жаңа нұсқасы ұсынылған болатын. Алайда, қоғам тарапынан көп сынға ұшырағаннан кейін лингвист-мамандар бұл нұсқаны өзгертіп, жаңа жобаны Елбасының өзіне ұсынды. Қазіргі таңда дәл осы әліпбидің нұсқасы қоғамда талқыланып жатыр.

Колледждегі жиын барысында оқтушылар мен студент жастар да осы тақырып төңірегінде пікір алмасты.

— Латын әліпбиінің Мемлекет басшысына ұсынылған екінші нұсқасын қолайлы деп жалпы жұрт шешіп отыр. Диграфтық нұсқаға қарағанда диакритикалық нұсқасы көңілге қонымды деп мен де ойлаймын. Қолдауды біз өзіміздің колледждің жастарына латын қарпіне көшуді көбірек насихаттауды қолға алдық — деді Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінің директоры Сейтбек Сүлейменов.

Сондай-ақ, шара барысында мекеме ұжымы тіл мамандарымен бірлесіп, қазақ сөздерін латын қаріптерімен жазып, жаңа әліпбиді тәжірибеден өткізіп көрді. Әліпбидің ұсынылған нұсқасы жөнінде оқытушылармен қоса білім алушылар да өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

— Мен латын әліпбиіне көшу еліміздің одан әрі дамуын алға жылжылатын күштің бірі деп ойлаймын. Жаңа заман талабына сай, дамуымызға өз септігін де тигізеді. Қазір өзімнің смартфонымның пернетақтасының тілін латын тіліне ауыстырып қойдым. Бұл рфеорманың жүзеге асуы үшін біз алдымен өзімізді үйрету керекпіз – дейді колледждің 2-курс студенті Шайсұлтан Әлиер.


Сондай-ақ жиын барысында латын әліпбиінің тарихы, Елбасының жолдауы, латын әліпбиін қолданудағы ұтымды жақтары айтылды.

Іс-шараға Түрксіб ауданы бойынша «Нұр Отан» ХДП-ның төрағасы Нұрлан Ескендірұлы қатысып, латын әліпбиінің жүзеге асуына үлес қосуға әрбіріміздің қатысатынымызды айтты.

Соңғы жаңалықтар